|
19.04.2024 | 08:39
244

Шымкентте 9 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды

Арыс қаласының тұрғыны 2015 жылы үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған

Шымкентте 9 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды elements.envato.com

Шымкентте 9 жыл бұрын адам өлтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Арыс қаласының тұрғыны 2015 жылы үш адамды атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Сол сәтте жәбірленушінің бірі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Содан ер адамға халықаралық іздеу жарияланды.

Қауіпті қылмыскерді Еңбекші аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Сәкен Ақбаев анықтады. Үнемі бас киім киіп, бет-әлпетін жасыруға тырысып жүретін жігіттен тәртіп сақшысы күдіктенген. Көлік жөндеу орталығына жақында жұмысқа орналасқанын білгеннен кейін инспектор ер азаматтың жеке басын анықтады.

«Тәртіп сақшысы оқиға туралы дереу жедел-тергеу тобына хабарлап, әріптестерімен бірге қашқынды қолға түсірді. Қазір күдікті қамауда. Ол Арыстың құқық қорғаушыларына тапсырылатын болады», - делінген ақпаратта.

Оқи отырңыз: Бишімбаев смартфонын тексеруге рұқсат бермеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир