|
02.05.2024 | 11:39
261

Педофил зейнеткер көшедегі балаларға тиісіп, 8 жылға сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Педофил зейнеткер көшедегі балаларға тиісіп, 8 жылға сотталды elements.envato.com

13 жастағы балалардың көзінше шалбарып шешіп, қуа жөнелген зейнеткерге 8 жыл бас бостандығынан айырылу жазасы берілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аlash.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы СҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комитеті баяндады.

- Прокурор азғынды тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, оны ақтауды сұрады. Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі “Балаларды азғындық жолға түсіру” бойынша бұл үшін жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ол бұл қылығын мас күйінде жүзеге асырған. Со зейнеткерлік жасын жазаны жеңілдететін фактор ретінде қарастырды.

- Сот ер адамды кінәлі деп танып, оны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу туралы үкім шығарды. Қаскөй педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылады. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп жазды басылым.

Оқи отырыңыз: Әжетханада 8 сынып оқушысын ұрып өлтірді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир