|
23.04.2024 | 10:47
150

Риддер тұрғынының үйінен есірткі табылды

Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Риддер тұрғынының үйінен есірткі табылды ШҚО ПД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы тұрғынының үйінен 7 келі есірткі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жедел уәкілдер үйде аса ірі мөлшерде марихуана сақтаған Риддер қаласының тұрғынын ұстады.

«Күдіктінің жер үйін тінту кезінде салмағы 7,2 келіден асатын, құрамында өсімдік тектес есірткі затына ұқсас екі картон қорап, екі қағаз орамасына салынған қара пакет және есірткіні қолдануға арналған ыдыс тәркіленді. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберіліп, оның қорытындысына сәйкес, пакет ішіндегі кептірілген марихуана екені белгілі болды», - делінген ақпаратта.

Тәртіп сақшылары есірткі заттарын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатынсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда суға батып бара жатқан 9 бас жылқы құтқарылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир