Әжетханада 8-сынып оқушысын ұрып өлтірді

elements.envato.com
elements.envato.com
Жамбыл облысында көше әжетханасынан жасөспірімнің денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында көшедегі әжетханада соққыға жығылған мектеп оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі alash.kz-ке сілтеме жасап.

Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғары сынып оқушылары өздерінен бір сыныпқа төмен оқитын оқушыны соққыға жыққан. Салдарынан оқушы қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Марқұм болған баланың туысының айтуы бойынша, төбелесті тоғызыншы сынып оқушылары бастаған. Төбелес кезінде сегізінші сынып оқушысы кеуде тұсынан бірнеше рет соққы алып, есінен танып, артынша бірден көз жұмған.

- Жоғары сынып оқушылары оларды жеке-жеке ұрған. Кейін бәрі қашып кеткен. Барлығы сырттағы әжетханада болған (мектеп ішіндегі дәретханалар жабылған), - дейді марқұм оқушының туысы.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полицейлер бейнебақылау камераларын тексере бастаған.

Оқи отырыңыз: Келіншектің күйеуі енді қатты сөйлеуге қорқады

Новости партнеров