|
13.06.2024 | 15:19
1146

Таиландтан елордаға аса ірі мөлшерде есірткі жеткізілген

Уақытша сақтау қоймасынан 3 қорап табылды

Таиландтан елордаға аса ірі мөлшерде есірткі жеткізілген Фото: elements.envato.com

Таиландтан елордаға халықаралық почта арқылы аса ірі мөлшерде есірткі жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаржылық мониторинг агенттігі «Әуежай-Астана» кеден бекеті мен курьерлік компания өкілдерімен бірлесіп, қылмыстың жолын кесті. Қызметтік-іздестіру итінің көмегімен уақытша сақтау қоймасын тексеру кезінде 3 қорап табылған. Оның ішінен 3,5 жарым келі каннабис сығындысы, яғни гашиш майы шыққан. Тергеу барысында бұл іске қатысы бар деген 4 күдікті анықталған. Олардың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, салмағы 787 грамм марихуана мен есірткі заттарын өлшеп-орау үшін қажет басқа да заттар табылып, тәркіленген.

– Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 4 күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қылмыстық Кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Оқи отырыңыз: Көлік ішінде есірткі қолданбақ болған қызылордалық тұрғын ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир