|
21.06.2024 | 08:28
232654

Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады

Бұл айда Астана күні тойланады

Қазақстандықтар шілдеде неше күн демалады коллаж Almaty.tv

2024 жылдың шілдесінде қазақстандықтар 9 күн демалады, деп хабарлайды Almaty.tv.

6 шілде – Астана күні биыл шілденің алғашқы сенбісіне түсіп тұр. Осыған байланысты, сенбі, 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысқан. Яғни, елімізде 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.

Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері ел азаматтары әдеттегі демалыс күндеріне шығады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир