|
02.05.2024 | 17:57
313

Атыраулық тұрғын пойыз ішінде жолаушылардың мазасын алды

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапқа тартылды

Атыраулық тұрғын пойыз ішінде  жолаушылардың мазасын алды elements.envato.com

Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Оқиға былтыр, яғни 2023 жылы қарашада болған. Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызынан Атырау облысының 29 жастағы тұрғынын түсіріп алған болатын. Ол жол жүру барысында мас күйде болып, жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде құқық бұзушы өзін өте дөрекі ұстап, себепсіз билік өкілдеріне балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Ұсталған адам бұған дейін есірткі затын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған азаматқа қатысты билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ер адам аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкерлері билік өкілі болып саналады. Өздерінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты билік өкілдеріне қатысты адамның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану немесе күш қолданған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Ақтөбелік келіншекті бұрынғы ері буындырып өлтірді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир