Ақтөбелік келіншекті бұрынғы ері буындырып өлтірді

elements.envato.com
elements.envato.com
Денесін балаларының жанында қалдырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында бұрынғы күйеуі экс-жұбайына барып, ас үйде буындырып өлтірген. Кейіннен кәмелетке толмаған балаларының жанында тастап кеткен, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Alash.KZ-ке сілтеме жасап.

Дина Таңсәрінің айтуынша, әйел 1 ақпанға қараған түні қаза тапқан. Шәй қойып жатқан кезде бұрынғы күйеуі арқасынан төніп, буындырып өлтірген. Көрші бөлмеде кішкентай балалар ұйықтап жатқан.

Марқұмның туыстары марқұм әйел күйеуімен 2022 жылы ажырасқанын айтады. Балалардың әкесі алимент төлемеген, балалармен араласпаған және басқа жанмен көңіл жарастырған. Бірақ екі жылдан кейін қайтадан оралған.

Оқиға Ақтөбе облысының Саркел кентінде болған. Марқұмның жақындары бұрынғы жұбайының Ақтөбеден таксимен келіп, қатыгездік жасап, сол көлікпен қайта кеткенін айтады.

- Екеуінің арасындағы жанжал пәтерге байланысты тууы мүмкін. Екеуінің ортақ пәтері болған. Әйел балалары далада қалмасын деп пәтерді бөлісуді сұраған, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Асыранды баланың жұмбақ өлімі

Новости партнеров