|
26.06.2024 | 14:09
1651

Нью-Йорктен қаралы хабар келді: белгілі ақын өмірден өтті

Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды

Нью-Йорктен қаралы хабар келді: белгілі ақын өмірден өтті фото из соцсетей

Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

- Нью-Йорктен қаралы хабар келді. Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды. Сөз шеберлігі Бақыт Шүкіроллаұлын әлемдік әдебиеттің классигіне айналдырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды. Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, - деп жазды Балаева.

Оқи отырыңыз:Алматылықтар Қайрат Дүйсенді еске алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир