Алматылықтар Қайрат Дүйсенді еске алды

 Almaty.tv
Almaty.tv
Биыл «Әлем халықтары жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігіне 10 жыл толды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл «Әлем халықтары жазушылар одағы» қоғамдық бірлестігіне 10 жыл толды. Ұйым Алматы қаласында 2014 жылы 18 қыркүйекте құрылған. Бүгінде одақтың 34 мемлекетте өкілі бар. Айтулы мереке қарсаңында Ұлттық кітапханада жиын өткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv

Іс-шарада таңдамалы туындылардың тұсаукесер рәсімі де ұйымдастырылған. Ал қазір әлем халықтары жазушылар одағының 2 томдық антологиясы және 1 томдық энциклопедиясы қолданыста бар. Сонымен қатар мерейтойлық басқосу одақтың негізін қалаушы ақын, сазгер, публицист Қайрат Дүйсен-Парманды еске алу кешімен тұспа-тұс келді. Айтулы іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркия мемлекеттерінен арнайы қонақтар шақыртылды.

– Істеліп жатқан жұмыс өте көп. Арманымыз, мақсатымыз – қазақ жазушыларын шет елдерге таныту. Қазір 59 мемлекетпен тығыз байланыс орнаттық, – деді Әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Ізтілеу Тойшыбайұлы.

– Қайрат Дүйсенұлы жазу стилі бар ақын. «Қазақ елін, жерін дүниеге танытсам» деген ойын жүзеге асырып келді. Қысқа өмір сүрсе де, мыңның бірі бола білді, – деді Қырғызстан журналистер одағының мүшесі Сталбек Абдраев.

Оқи отырыңыз: Француздарды тәтті еткен ардагерлер ансамблі елге оралды

Новости партнеров