Сары майдың пайдасы қандай

elements.envato.com
elements.envato.com
Ұйқыны реттеп, ауру сезімін, аштықты басады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сары май – кез келген адамның күнделікті ас мәзірінің ажырамыс бөлігі. Сары майдағы холестериннен қорқып, оны өсімдік майларымен алмастырған жандар неден құр қалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жылу мен күш-қуат

Сары май - сүт майының концентраты. Ал май бірінші кезекте жылудың қайнар көзі. Майдың бұл қасиеті әсіресе суық кезеңде пайдалы. Әрине сары май калориялығы өте жоғары (100 граммда 730 ккал), оған қоса майы ағзаға оңайлықпен сіңеді. Бірақ сары майдың бұл қасиеттерін де өзіміздің пайдамызға асыруға болады. Таңғы ас құрамына дәстүрлі нан мен май бутерброды өте орынды. Бұл тіпті арықтап жүретін қыздарға да артық болмайды, күніне 30 грамм май сіздің салмағыңызға еш әсер етпейді.

Дәрумендер

Сары майдағы А, D, E, K дәрумендері терінің жұмсақтығы, шаштың әдемілігі мен тырнақтың саулығына үлкен әсер етеді. Мысалға айтсақ, А дәрумені майлардың арасында тек осы сары майда бар. Күніне желінген 50 грамм май көз бен сүйек саулығына кепіл бола алады. Иммунитетті жақсартатын майды суық маусымда 60-70 граммға дейін көбейткен дұрыс. А дәруменіне байланысты май тыныс мүшелерін ішінен "майлап", жөтелді емделуді тездетеді. Ал Е дәрумені қан тамырларын тазалап, берік қылады, шаршағандық сезімін басады.

Көңіл күй

Бәріміз де шоколад құрамында бақыт гормоны серотонин бар екенін білеміз. Алайда бұл гормон сары май құрамында да бар екенін біле бермейміз. Серотонин тек көңіл күйді көтеріп қана қоймай, ұйқыны реттеп, ауру сезімін, аштықты баса алады.

Ми жұмысы

Сүттің майлары адам ағзасындағы жасушалар алмасуы үшін өте маңызды. Мұндай қосылыстар әсіресе мида көп. Сары майдан толықтай бас тарту ми жұмысындағы қиындықтарға әкеле алады. Бұл ақыл мен ой-өріске зиянын тигізуі мүмкін.

Холестерин

Холестерин ұғымын бұрыннан бері денсаулыққа зияны бар зат деп санаймыз. Бірақ қажетті мөлшерде холестерин ағзамызға өте қажет. Ағзаның холестериндегі қажеттілігін басу үшін сары майды күніне 30 грамм шамасында қабылдау керек.

Оқи отырыңыз: Таңғы ас - есте сақтау мен зейінді жақсартады

Новости партнеров