|
22.02.2024 | 10:55
388

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында қандай өзгеріс болады

Бірінші кезекте сапаға баса мән беріледі

Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығында қандай өзгеріс болады elements.envato.com

Халықты сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі қайта қаралады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәліметіне сілтеме жасап.

- Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету сапасына баса назар аудара отырып, қайта қаралады. Министрлік амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, - деді Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің айтуынша, препараттардың сапасына аса мән беріледі.

- Соңғы 2 жылда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту шығындардың 2 есе өсуі алаңдаушылық туғызып отыр. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50% қамтамасыз етіледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету деңгейі төмендеген, - дейді ол.

Оқи отырыңыз: Алматы офтальмологтары көзішілік линзаны импланттау отасын жасады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир