|
28.01.2019 | 11:19
2920

ШҚО-да тұмаудың зертханалық дәлелденген 11 жағдайы тіркелді

ШҚО-да тұмаудың зертханалық дәлелденген 11 жағдайы тіркелді

Шығыс Қазақстан аумағында тұмаудың зертханалық дәлелденген 11 жағдайы анықталып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Вирус өткен жылдың желтоқсан айынан бой көтере бастаған екен. Зертханалық дәлелденген жағдайлардың барлығында тұмауға ересек адамдардың шалдыққаны анықталды.

ШҚО қоғамдық Денсаулық қорғау департаменті басшысының орынбасары Гүлайым Тағаеваның айтуынша, маусымды А типті (H3N2) тұмаудың төрт жағдайы және А типті (H1N1) тұмаудың жеті жағдайы тіркелген. Соңғысы пандемиялық тұмау болып табылады.

Тұмаудың салдарынан болған өлім-жітім жағдайлары облыс аумағында тіркелмеген. Өткен жылдың дәл осы уақытпен салыстырғанда ЖРВИ-мен ауру-сырқау деңгейі 20,5 пайызға төмендепті.

Осы жылы 141 700 адам тұмауға қарсы екпе алып отыр. Оның ішінде 40 мың адам екпені ақылы түрде салдыртқан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир