|
09.02.2024 | 13:53
3392

Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды

Бұл - вирус тарамас үшін алдын ала қолданылған профилактикалық іс-шара

Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды Фото: elements.envato.com

Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтыру көбейгендіктен Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ресми мәліметте биыл қаңтарда Ковид-19 ауруына шалдыққандар саны былтырғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5 есеге өскен. Алматы мен Астанада ауырғандар көп. Бірақ республикада эпидахуал тұрақты. Барлық өңір жасыл аймақта. Дегенмен вирус тарамас үшін алдын ала профилактикалық шаралар қабылданып жатыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев МӘМС жүйесіне көңілі толмайтынын айтты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир