|
06.08.2019 | 17:04
2773

«Саялы» тұрғындары емхана жетіспеушілігін айтты

Сауалдарға бүгін 20:00-де тікелей эфирде Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев жауап береді

«Саялы» тұрғындары емхана жетіспеушілігін айтты

Дәрігерлер жетіспеушілігі, ауруханадағы ұзын-сонар кезек және дәрілердің қадағаланбауы. Алматыдағы «Саялы» ықшамаудан тұрғындары осындай уәж айтуда. Сөздеріне сенсек, емделу үшін қаланың бір шетіне барады екен. Оның үстіне, педиатр мен терапевт мамандарды сағаттап күтеміз дейді. Азаматтар арнамыздың «Акимат лайф» бағдарламасына хабарласып, көмек сұрады.

«Бізде «Саялыға» бөлінген дәрігер жоқ. Қазір педиатр мен терапевтті қосып тастады. Оның нақты қандай маман екенін білмейсің, әйтеуір қашан барсаң, бір ғана дәрігер отырады. Барлық мәселені шешетін сол жалғыз өзі», – деді Ұлболсын МОМЫНЖАНОВА.

«Бізге «Саялы» ықшамауданына емхана салып берсе екен. Емхана қолжетімді болуы керек қой», – деді Ақмарал КЕНЖЕ.

«Саялы» ықшамауданы тұрғындары жаңадан енгізіліп жатқан цифрлы медицинадан мүлдем бейхабар болып шықты. Электронды кезек, дәрігерлердің қабылдауына жазылуға мүмкіндік беретін ұялы қосымшаларды да көрмегендерін айтады. Өйткені, аталған ықшамауданда керек дәрігерлер тапшы. Салдарынан басқа жерге баруға мәжбүр. Онда да, өзіңнің жергілікті мекен-жайың бойынша бар деп сабылтады екен.

«Сен өзіңнің «Саялы», «Алғабас» аудандарындағы емханаға қарал дейді. Қайда барып қаралатынымды таңдауға құқығым бар емес пе?», – дейді тұрғын.

Аталған сауалдарға бүгін сағат 20:00-де Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев тікелей эфирде «Акимат лайф» бағдарламасында жауап береді. Қала тұрғындары өздерін мазалаған сауалдарын Алматы арнасының инстаграм, Твиттер, фейсбук және ю туб әлеуметтік парақшасына қалдара алады.

Өмір Әнуарбек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир