|
02.07.2024 | 17:07
187

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады

Оған себеп – медициналық қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығаруға байланысты ұжымдық өтініш

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы медициналық мекемелерді аралады Almaty.tv

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы медициналық мекемелерді аралап, қызметкерлермен тілдесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұргүл Тау, Ринат Заитов, Ирина Смирнова мен Гауһар Танашева алдымен қалалық кардиология орталығына ат басын бұрған. Оған себеп – медициналық қызметкерлерді жаппай жұмыстан шығаруға байланысты ұжымдық өтініш. Медициналық мекеменің бас директоры орталықтың қомақты дебиторлық берешегі болғанын айтты. Алайда, қазір жағдай өзгеріпті. Басшылықтың сөзінше,  жаңа талаптармен келіспейтіндер жұмыстан кеткен, көпшілігі басқа қызметке ерікті түрде ауысқан. Ал ақжағалылар бұл мәселенің анық-қанығына жетеміз деп отыр.

«Бұл жерде шынымен 60-қа жуық адам кеткен. Қазір толық ақпарат жоқ. Сұратып едік, 1-2 күнде береміз деді», – деді ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау.

Сондай-ақ депутаттар Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамына кіретін Ақсай балалар орталығына барды. 70 жылдық тарихы бар емдеу-диагностикалық мекемесінде жыл сайын 7 мыңнан астам бала ем алады, 1500-ден аса ота жасалып, 30 мың консультациялық жұмыс жүргізіледі. Соңғы жылдары орталықтағы техникалық база жаңғыртылып, мамандар біліктілігін арттырған екен. Алайда, ем-дом кеңес заманынан қалған ескі ғимаратта жүргізіледі. Ендігіде депутаттар күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесін көтеретінін айтты.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда 10 жастағы батыр ТЖМ медалін алды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир