|
01.11.2019 | 19:30
13463

2020 жылы жасанды ұрықтандыруға бөлінетін медициналық квота саны артады

Бұған дейін елімізде 1 жылда мұндай ота түрінің 900-ы ғана тегін жасалып келген

2020 жылы жасанды ұрықтандыруға бөлінетін медициналық квота саны артады

Келер жылы жасанды ұрықтандыру процедураларына бөлінетін медициналық квота саны 1300-ге дейін артады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының 11-інші халықаралық конгресінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұған дейін елімізде 1 жылда мұндай ота түрінің 900-ы ғана тегін жасалып келген екен. Енді 2020 жылдан бастап олардың санын көбейту жоспарланып отыр. Одан бөлек, ЭКО бойынша әлемде қолданылатын жаңа әдістер енді  елімізде енгізілетін болады. Соның бірі – генетикалық скрининг жасау. Яғни, баланы эмбрион түрінде жатырға салмай тұрып, С-D-H тәсілімен 46 хромасома жұбын тексеріп, ішінен дені сау эмбрионды салу. Конференцияда озық гинеколог, генетик, акушерлер осы турасында баяндамалар жасады. Шараға 18 мемлекеттен 600-ге тарта маман келіп қатысты.

«Квота Қазақстан бойынша 2009 жылдан бері бөлінеді. Әрине, бірінші жылдар 110 квота болатын. Республикада 17 млн халыққа ол өте аз еді. Оның 15 пайызы бедеулік проблемаларына шалдыққан. Қазіргі таңда 900 квота бөлінеді. Бүгін министр мырзаның айтуы бойынша, келесі жылы 1300 квота бөлінетін болып отыр. Бұл қуантарлық жағдай», – дейді жоғары санаттағы акушер-гинеколог ӘЛИЯ ТӨЛЕПОВА

АҚШ, Еуропа,ТМД елдерінен келген білікті мамандар эмбриология, акушерлік, гинекология салаларындағы көкейкесті мәселелер бойынша шеберлік кластарын өткізді. Олар отандық репродуктивті медицина деңгейін жоғары бағалап отыр.

«Қазақстандағы репродуктивті медицинаның дамуын 20 жылдан бері бақылап келемін. Бұл уақыт аралығында қарқынды даму байқалады. Жоғары деңгейдегі бірнеше емхана ашылды. Нәтижесі де қуантарлық, қолданыстағы технологиялары да заманауи», – деді Украиндық репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Валерий ЗУКИН.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир