|
08.08.2019 | 16:48
1650

№ 9 қалалық емхана тұрғындарға медициналық сақтандыру жайлы түсіндіруде

Әлеуметтік осал топ бойынша 15 санатқа жарнаны мемлекет төлейді

№ 9 қалалық емхана тұрғындарға медициналық сақтандыру жайлы түсіндіруде

Енді емделу үшін сізден шығатын шығын азаяды әрі әлеуметтік мәртебеңізге қарамастан өзгелермен тең дәрежеде медициналық көмек аласыз. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ең тиімді тұстары – осы. Алматы емханаларында тұрғындарға медициналық сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі тұрде жалғасуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

№ 9 қалалық емхананың қызметкерлері тұрғындарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі артықшылықтарын түсіндіруде. Бұл жүйеге қатысушылар үш санатқа бөлінеді. Олар –  жұмыс істейтін азаматтар, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар және жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Әлеуметтік осал топ бойынша 15 санат бар. Олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру дер кезінде қолға алынған, халық үшін өте қажетті бағдарлама екен. Әсіресе, қарапайым тұрғындар үшін тиімді болатыны қуантады. Бүгін емханаға тексерілуге келген едім, мұндағы мамандар жаңа жылдан бастап енетін медициналық сақтандыруды бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді», – деді Светлана БУРАКОВА.  

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тұрғындар екі түрлі көмек ала алады. Яғни, келер жылы кепілдендірілген медициналық көмек және медициналық сақтандыру жүйесі енеді. Осының ішінде кепілдендірілген көмекті Үкімет қаржыландырады. Сондықтан жаңа жүйеге сай тұрғындар медициналық және дәрілік көмекке тең дәрежеде қол жеткізе алады.  

«Әр Қазақстан азаматы өз қалтасынан ақылы ем алу үшін де төлейтін ақысы азаяды. Қай емхананы таңдаймын десе де өз еркінде болады. Сонымен бірге ірі оталар жасауға, диагностикалық консультация өткізу үшін бәрі сол медициналық әлеуметтік сақтандырудың есебінен жүргізіледі», – деді  Алматы қаласы № 9 қалалық емхана бас дәрігерінің орынбасары Мейіржан СМАИЛОВА.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу- еліміздегі сақтандырылған азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне, жасына, жынысына, табысына қарамастан теңдей медициналық көмек алуына жағдай жасайды. Өз кезегінде емдеу мекемелеріне қойылатын талап та күшеймек. Соның арқасында қызмет жақсарады дейді мамандар. Себебі, бәсекелестік бар бар жерде сапа артады.

Тоғжан Жалғасбекқызы, Арсен Сандыбаев, «Алматы» телеарнасы.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир