|
03.10.2019 | 17:06
1401

Нұр-Сұлтанда білікті травматолог-ортопедтер бас қосты

Шетелдік мамандар Қазақстандағы бұл саланың жетістігін жоғары бағалады

Нұр-Сұлтанда білікті травматолог-ортопедтер бас қосты

Былтыр елімізде жол апатының кесірінен болатын өлім 2 пайызға өскен. Мұндай статистиканы Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстанның травматолог-ортопедтерінің халықаралық ІІІ Съезі және травматолог-ортопедтердің VII Еуразиялық Конгресінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиынға қатысқан делегаттар ортақ  мәселелер мен күрделі отаның жасалу жайын талқылады. Дегенмен, шетелдік мамандар Қазақстандағы бұл саланың жетістігін жоғары бағалап отыр.  

«18 жылда травматологиялық-ортопедиялық қызметтің көрсеткіштері жақсарды. Мәселен, осы сала дәрігерлерінің саны 60 пайызға өсті. Егер 2001 жылы 696 травматолог-ортопед болса, былтыр бұл сан 1131-ді құрады. Сүйек-бұлшық ет жүйесіне жүргізілген оталардың саны екі есеге артты. Былтыр осындай 100 мыңға жуық ота жасалды. Хирургиялық белсенділік те жоғары, ол 78 пайызды құрап отыр», – дейді Нұр-Сұлтан қаласы травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры Нұрлан БАТПЕНОВ.

Шараға Франция, Түркия, Германия, Украина, Австрия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейдің белді хирургтары келген. Басты мақсат - тәжірибе алмасу. Баяндамаларын оқыған хирургтар протез, имплантат салу, буынды ауыстыру, омыртқаға күрделі деген оталарды жүргізудің озық технологияларын айтып бөлісті.

«Менің ойымша, дәл осындай конгресстер тәжірибе алмасудың өте жақсы алаңы болып саналады. Біз қазақстандық травматолог-ортопедтермен заман талабына сай, озық технологиялардың көмегімен күрделі ота жүргізудің қыр-сырын өте жақсы талқыладық. Сондықтан қазақстандық хирургтармен келешектегі ынтымақтастыққа да ниеттіміз», – дейді хирург Оливер ДЖАХАНИ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир