Алматылықтар мегаполистің қоғамдық денсаулық басқармасы басшылығына сұрақ қоя алады

Тілеухан Әбілдаев тұрғындардың барлық сұрақтарына жауап береді
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру не үшін қажет?

Тегін дәрі-дәрмектерді кімдер ала алады?

Мегаполисте жаңа медициналық бекеттер қай жерде болады?

9 қаңтар сағат 20:00-де AKIMAT LIVE тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына мегаполистің қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тілеухан Әбілдаев жауап береді.

Көкейдегі сұрақтарыңызды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жібере аласыздар, сондай-ақ Almaty.tv арнасының Instagram, YouTube, Twitter, Facebook парақшасына пікір қалдыруларыңызға болады.

Көрермендер сондай-ақ тікелей эфир кезінде студияға хабарласып, қонаққа тікелей сұрақ қоя алады.

Новости партнеров