|
17.05.2024 | 17:47
371

Атырауда 400-ге жуық тұрғын емделмейтін ауруға шалдыққан

Көмек көрсету арқылы індеттің таралуын шектеу көзделеді

Атырауда 400-ге жуық тұрғын емделмейтін ауруға шалдыққан Аtpress.kz

Бұл туралы облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Мамырдың үшінші жексенбісі Жұқтырылған иммун ташылығы сидромынан (ЖИТС/ СПИД) көз жұмғандарды еске алу күні.  Дүние жүзінде 41-ші рет  атап өтілетін бұл күн биыл 19 мамырға сәйкес келіп тұр.  Бұл жолы  "Бірге есте сақтаймыз, біз бірге махаббат пен ынтымақтастық арқылы емдейміз!" тақырыбында ұйымдастырылған халықаралық еске алу күнінің басты мақсаты - қоғамның назарын АИТВ инфекциясының таралу мәселесіне аудару, АИТВ жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау, көмек көрсету арқылы індеттің таралуын шектеу.

Бұрын АИТВ инфекциясы емделмеген жағдайда ЖИТС сатысына ұласып, дүние жүзінде көптеген жанға қасірет әкелсе, бүгінде АИТВ инфекциясын жұқтырғандарды ерте анықтап, уақытылы нәтижелі емдеудің арқасында індеттің таралуына тосқауыл қоюға болады. Емдеу арқылы адамдардың сапалы әрі ұзақ өмір сүруін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар.  Дүниежүзілік Денсулық сақтау ұйымының 2030 жылға дейін алға қойған мақсаттарының  бірі де осы. Қазіргі уақытта Атырау облысында АИТВ жұқтырғандардың 71% өз статусын біледі. Олардың 84% арнайы ем қабылдап, 95%-да вирустық жүктеме төмендеген.

Айта кетейік, Атырауда алғашқы АИТВ жұқтырған адам 1993 жылы анықталған болатын.

Оқи отырыңыз: Қаперіңізде болсын: өңеш рагының белгілері қандай

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир