|
26.08.2019 | 19:20
3473

Маңғыстау облыстық ауруханасының 30 жылдығына орай симпозиум өтті

Медициналық орталықта жылына 1000-ға жуық операция жасалады

Маңғыстау облыстық ауруханасының 30 жылдығына орай симпозиум өтті

Мерейтой аясында облыстық әкімдіктің қолдауымен еліміздің және әлемнің жетекші хиругтары симпозиумда бас қосып, медицинадағы соңғы жаңалықтарды талқылады. 2 күнге жалғасқан шарада кардиология саласындағы оталардың жаңа технологиясы жайлы сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер Қайрат Төлеп сәтті өткен отаның жай-жапсарын осылай түсіндірді. Оның айтуынша, техникалық тұрғыдан ауыр саналатын жүрекке жасалған операция үлкен жауапкершілікті талап етеді дейді. Себебі, шалыс басқан бір қадам адам өмірі үшін қауіпті. Екі маңызды бір-бірінен тарайтын күре тамырға бір уақытта құрылғы орнаттық деген дәрігер науқастың аман қалғанына қуанышты. Қазір ағзадағы қан айналымы нашарлаған 45 жастағы азаматтың жағдайы жақсы. Өзі тұрып, жүре алатын хәлде деп отыр дәрігерлер.

«Науқастың жүрегіне операция жасау бірнеше сағатқа созылды. Күрделі емдік шараны Нұр-Сұлтандық әріптестерімізбен бірге жасадық. Жалпы оны өзіміз де жасаймыз. Бұл жолғы отаның қиындығы сол, одан соң азаматтың аман қалуына кепілдік бере алмаймыз. Туыстарының рұқсатымен жасалады. Әрине, ота сәтті өтуі үшін мамандар аянып қалмайды. Оған мүмкіндігіміз де, біліміміз де жетеді», – дейді Маңғыстау облыстық орталық аурухананың ангио-зертхана меңгерушісі Қайрат ТӨЛЕП.

Ақтауда өтіп жатқан симпозиумда дәрігерлер жүрек және қан-тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдістерін талқылап, сырқат белгілерін клиникалық деңгейге жеткізбеу керектігін бас айтты. Айтылған ұсыныс-пікірлердің бірі де ескерусіз қалмайды. Әріптестер қосылып, күрделі оталарды бірге жасауды қолға алмақ. Кейін халықаралық симпозиумда мамандар үшін тәжірибе ретінде операция жасап, аймақтағы медициналық мекемелерге онлайн көрсетті.

«Симпозиум аясында облысымызда бұрын-соңды болмаған күрделі емдік шаралар жасалады. Оны кейін өзімізде жасай алуымыз үшін бұл аса маңызды. Біздің мамандар да қатысып, тәжірибе алмасады. Егер статистикаға қарасақ, жүрек-тыныс алу жүйесі бойынша өлім-жітім республика аумағында алдыңғы орында келеді. Олардың алдын-алу үшін әлемнің жетекші мамандарының білімі қажет», – деді Маңғыстау облыстық орталық аурухананың директоры Болатбек ҚАЙЫПОВ.

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық ауруханасына биыл 30 жыл толды. Онда кәсіби білікті мамандар жұмыс істейді. Медициналық орталықта жылына 1000-ға жуық операция жасалады. Заманауи технологиялардың көмегімен емдік шаралардың басым бөлігі жақсы нәтиже беріп келеді.

Жадыра Омаржан, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Актау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир