|
19.02.2024 | 20:47
2760

Алматы офтальмологтары көзішілік линзаны импланттау отасын жасады

Науқас 3-4 дәрежелі линзаның сублюксациясы күрделі диагнозымен ауруханаға түсті

Алматы офтальмологтары көзішілік линзаны импланттау отасын жасады Алматы қалалық Денсаулық басқарма баспасөз қызметі

Орталық қалалық клиникалық ауруханасында офтальмологтар науқасқа линзаны интракапсулярлық алып тастау арқылы көзішілік линзаны импланттауды транссклеральды бекіту бойынша күрделі отаны жүзеге асырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық Денсаулық басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Науқас 3-4 дәрежелі линзаның сублюксациясы күрделі диагнозымен ауруханаға түсті.

Басқаша айтқанда, пациентте байламдар жарылған кезде пайда болатын линзаның дислокациясы болған. Соның салдарынан көздің линзасы көздің шыны тәрізді денесіне қарай жылжып кеткен. Аталған диагноз көздің нұрлы қабығының жылжуы, нерв трофикасының бұзылуы, торлы қабықтың бөлінуі, қабықтың зақымдануы және тамыр жеткіліксіздігі сияқты қауіпті ауруларға әкелуі мүмкін.

Бұл - катаракта хирургиясындағы күрделі ауыр жағдай және офтальмологтың жоғары дәлдігі мен зергерлік жұмысын қажет етеді.

- Біздің жағдайда табиғи линзаны сақтаудың қажеті болмағандықтан, оны алып тастадық та, транссклеральды бекіту арқылы көзішілік линзаны имплантацияладық. Операция сәтті өтті, науқас қазір бұл көзімен 80% көреді. Операция біздің жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен барынша аз жарақатпен жүргізілді және мұндай операцияның ұзақтығы операциялық және операциядан кейінгі асқынудың қаупін азайтады, оңалту мерзімін қысқартады және нәтижесінде жалпы қанағаттанушылықты арттырады, - дейді ОҚКА Офтальмология бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Әбдірайымова.

Гүлзат Әбдірайымованың айтуынша, бұл диагноз жарақаттардың, дегенеративті және жасқа байланысты өзгерістердің, циан байламдарының серпімділігінің біркелкі емес төмендеуінің, линза капсуласына әсер ететін қабыну ауруларының салдарынан болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай қалай -дәрігер пікірі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир