|
04.07.2024 | 11:21
853

Мақпал Жүнісова дүниеге үшем әкелді

Операция штаттық режимде жүргізілді

Мақпал Жүнісова дүниеге үшем әкелді Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысында әйгілі эстрада жұлдызы Мақпал Жүнісованың аттасы үшем босанды. Келіншек бір ұл, екі қызды дүниеге әкелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мақпал Жүнісова 3 шілде күні Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталды орталығында босанған. 

Бірінші дүние есігін ашқан ер бала – салмағы 2 килограмм 377 грамм, бойы 46 сантиметр, екінші болып қыз бала – салмағы 2 килограмм 43 грамм, бойы 44 сантиметр, үшінші нәресте – салмағы 2 килограмм 221 грамм, бойы 44 сантиметр болып туды. 

Көпбалалы ана Мақпал Жүнісова күйеуі және үш баласымен Зеренді ауданының Гранитное ауылында тұрады. Енді олардың отбасы тағы үш баламен толықты.
Дәрігерлер аналар мен сәбилердің жағдайы туралы айтты. 

- Қазіргі уақытта олардың жағдайы қанағаттанарлық. Ана мен сәбилер қазір арнайы бөлмеде тынығып жатыр. Медициналық персонал жаңа туған нәрестелерді күтуге және емізуге көмек көрсетеді. Операция штаттық режимде жүргізілді, балалардың жағдайы жақсы, анасының да көңіл күйі жақсы. Операция 41 минутқа созылды, ешқандай ауытқу жоқ. Ананың жағдайы қанағаттанарлық. Ол жұлын анестезиясынан кейін ояту бөлмесінде, өзін керемет сезінеді, барлық параметрлер қалыпты, - деп атап өтті көпсалалы облыстық аурухананың перинаталдық орталығының акушер-гинекологы Ангелина Корнилова.

Оқи отырыңыз:Аналар қартайып, балалар азайып бара жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир