Аналар қартайып, балалар азайып бара жатыр

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Экономиканың басты тетігінің бірі саналатын демография мәселесі әлем елдері үшін ортақ болып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде алғаш ана атанып жатқан қыз-келіншектердің жасы ұлғайып, туу көрсеткіші керісінше, азайып бара жатыр. Мәселен, былтыр 379 мың сәби дүниеге келіпті. Бұл — кейінгі жылдардағы ең төменгі көрсеткіш екен. Өткен жылы әйелдер тұңғыш нәрестесін орта есеппен 25 жаста қолға алса, ана атанғандардың орта жасы 29-ға жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экономиканың басты тетігінің бірі саналатын демография мәселесі әлем елдері үшін ортақ болып отыр. Соның ішінде елімізде де пандемия кезінде болған бэби-бумнан кейін бала туу көрсеткіші айтарлықтай төмендеп кеткен.

Биыл бірінші тоқсанда елімізде 91,9 мың бала дүниеге келген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға аз. Дей тұрғанмен, атап айтар болсақ, ел аймағында туудың жоғары көрсеткіші Түркістан облысында тіркелген. Екінші және үшінші орындарда Алматы қаласы мен Алматы облысы орналасқан. Ал ең аз көрсеткіштер  Ұлытау, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліпті.

Сарапшылар мұндай мәселенің негізінен әлеуметтік-экономикалық фактордың әсер ететінін айтады. Олардың пікірінше, нормалар мен еңбек нарығындағы жағдай жастарды отбасын құру мен балалы болуды кейінге қалдыруға мәжбүрлейді. Сондықтан келешекте аталған көрсеткіштер төмендей береді деген болжам бар.

Иә, алғаш рет ана атанған әйелдердің орташа жасы былтыр 25-тен асқан еді. Ал, сәбиін қолға алғандар көрсеткіші 29 жас екен.

«Жалпы статистикадан бөлек, әйелдердің 30 жаста алғаш рет тұңғыш сәбилерін қолына алуы қалыпты. Әрине, оған қыз-келіншектерді кінәлай алмаймыз. Әлемде болып жатқан тұрақсыз жағдайлардың бәрінің қатысы бар. Бұрындары жас ұлғайған сайын бала туу қиындайды дейтінбіз. Бірақ қазір қарқынды дамыған медицина оның да шешімін тауып келеді. Әрі мемлекет те отбасыларға бала сүю үшін қолдан келген көмекті көрсетуі тиіс», – деді ҚР ҰҒА академигі Вячеслав Локшин.

Демографиялық тенденциялардың өзгеруі кешенді жоспарларды талап етеді. Бала туу көрсеткішін арттыру үшін экономикалық және әлеуметтік аспектілерді де ескеру маңызды. Сонымен қатар, әйелдердің репродуктивті денсаулығын қолдауға және медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар да өз әсерін тигізеді дейді сарапшылар.

Жансая Олжабек, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Біз бөлектеніп қалдық: Еңбекшіқазақ ауданына қарасты елдімекеннің мәселесі қашан шешіледі

Новости партнеров