|
02.06.2024 | 15:02
325648

Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қанша күн демалады

Мұсылмандардың ең атаулы мерекелерінің бірі Ораза аяқталғаннан кейінгі 70-ші күні келеді

Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қанша күн демалады коллаж Almaty.tv

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрбан айт мейрамы 17 маусымда дүйсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 15,16 және 17 маусым демалады.

Анықтама үшін:

Мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбан мейрамы» дегенді білдіреді.

Бұл күні мұсылмандар малдың бірін: қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады.

Құрбан шалды орындаған адам отбасының берекелі өмір сүруін қамтамасыз етті деп саналады.

Мұсылмандар үшін ең маңызды күн – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылып, алғашқы күні діндарлар бір-бірін құттықтап, дастарханға шақырады.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар маусымда қанша күн демалады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир