|
28.06.2024 | 14:34
569

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні

Билік пен қоғамды байланыстыратын мамандық иесі күн-түн демей жұмыс істейді

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні elements.envato.com

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні. Журналистер қауымын айтулы мерекемен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Президент еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары қоғам санасын жаңғыртып, ұлт тұтастығын нығайту жолында айрықша рөл атқарады деп, сала қызметкерлеріне бақ-береке, толағай табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.

Шерхан Мұртаза айтқандай, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» болған журналистердің шаруасы оңай емес.

- Сіз соңғы жаңалықтардан хабардар болу үшін бір батырманы басып, теледидарды қосасыз. Алайда, оның артында (қанша еңбек, қаншама тер) жатқаны осында қызмет ететін тілшілер қауымына ғана мәлім, - дейді тілші Гүлмарал Изатқызы.

Журналистер, редакторлар, операторлар мен бейнеинженерлер 2-3 минуттық материал үшін бір кісідей атсалысады. Бұл сала зеректік пен алғырлық, сауаттылық пен жылдамдықты талап етеді. Көрермен үшін маңызды һәм нақты ақпарат жеткізу осы азаматтардың міндеті.

Болған оқиғадан теледидарда көрсетілетін материалға дейінгі жол оңай емес. Жаңаның жаршысы мен жақсының жақтаушысы болған ақпарат майдангерлері үшін журналистика саласы қызығы көп болғанымен де қауіп-қатері қатар жүретін орта.

Билік пен бұқараны байланыстырған ақпарат таратушылар күн-түн демей жұмыс істейді. Тұшымды ақпарат іздеу жолында алыс сапарларға шығып, тың деректерді көрерменге ұсынады. Алайда, кейде сөзден қателесіп, сәтсіз кадрлардың да болатыны жасырын емес.

Журналистер күнделікті алып шаһардың айтулы жаңалықтарының жаршысы болып, республика мен төрткүл дүниенің хабарын тарату үшін тынымсыз қызмет етеді. Халықтың қызығушылығын, қажеті мен пікірін ескере отырып, пайдалы өнім өндіруге ден қояды.

Гүлмарал Изатқызы, Мақсат Күнібек, «Алматы» телеарнасы.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир