|
30.06.2024 | 09:30
3722

Нөсер жаңбыр және жел: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы

Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі

Нөсер жаңбыр және жел: 30 маусымға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Алматы

Алматыда қатты жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 17 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 17,3 м/с болады.

Астана

Астанада, синоптиктердің болжамынша, өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 26 градусқа дейін жетіп, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,6 м/с. 

Шымкент

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 35 градусқа дейін жетіп, түнде 21 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,1 м/с деңгейінде болмақ.

Оқи отырыңыз: Жер бетінде геомагниттік дауыл байқалды: ол қауіпті ме

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир