|
28.06.2024 | 15:19
225

Балабақшадағы былық: Таразда мемлекет қаржысын жымқыру фактісі анықталды

Мекеме басшысы сотталды

Балабақшадағы былық: Таразда мемлекет қаржысын жымқыру фактісі анықталды elements.envato.com

Таразда жұмыс істемей тұрған балабақша басшылығы 4 жылдан бері қазына қаржысын жымқырып келген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жекеменшік мекеме меңгерушісі  балалардың жалған тізімін жасап, солар үшін мемлекеттен субсидия алып отырыпты. Айма-ай 75 балаға есеп өткізіп, бас аяғы 12 миллион теңгені қалтаға басқан.

47 жастағы құрылтайшының бұл ісін  ешкім аңғармаған. Құзырлы орган қызметкерлері фактіні ертерек анықтауға кәсіпкерлерді тексеру мораторийінің қолбайлау болғанын айтады. Сотталған басшы әзірге бар соманың 20 пайызын ғана қайтарды.

- Балабақша басшысы тәрбие-оқыту қызметін көрсететін кез келген  меншік нысанындағы ұйымдар мен мекемелерде қаржымен байланысты материалдық жауапты лауазымды атқару құқығынан 3 жылға айыра отырып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасымен сотталды, - дейді қалалық прокуратура бөлімінің аға прокуроры Талғат Қожабек.

Оқи отырыңыз: Мас танысының атына несие рәсімдеген: Ақмола облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир