|
25.04.2024 | 20:06
1586

Шіркейлерге қарсы күрес: Түркістан облысының бір ауылы зиянкестен зардап шегуде

Ғалымдар себебін анықтау кірісті

Шіркейлерге қарсы күрес: Түркістан облысының бір ауылы зиянкестен зардап шегуде Almaty.tv

Түркістан облысы Отырар ауданын зиянкес жәндіктер басты. Өңірде биыл да шіркей қаптап, ауыл тұрғындары үйден сыртқа шығу қиындады деп отыр. Жұрт жағдайдың осымен оныншы жыл қайталанып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Сәуір айы басталғаннан Шеңгелді ауылын шіркеу басады. Тұрғындар үйден шығу үшін бет-аузын жауып, оранып амалдайды.

- Міне, көзімізді шақты. Бұл шаққан жері күзде жара болады. Мүлде жазылмайды. Медициналық емнің пайдасы жоқ, өзінің алты ай мерзімі бар. Сол уақытта жара жазылады, - дейді Шеңгелді ауылының тұрғыны Бейсенкүл Юсупова.

Тұрғындардың айтуынша зиянкестер Көксарай су қоймасы салынғалы пайда болған. Кесірінен Түркістан облысының бір емес, бірнеше ауылының жұрты шіркейге таланып отыр. Зиянкестің қанат жайғаны сонша, соңғы он жылда оның 8 түрі анықталған. Ал оның көзін жоюға жергілікті биліктің шамасы жетер емес.

- Былтыр ауылды "УАЗ" көлігімен аралап жүріп, дәрі шашылды. Алайда бұл теңізге түскен тамшыға тең. Залалсыздандыру кезінде небары  5-6 метрге шашады, одан ары шаша алмайды. Биыл әрекет жасалды, көрдік. Бірақ нәтижесі жоқ. Былтыр қандай шіркей болды, ал биыл одан асып түспесе кем емес, - дейді Шеңгелді ауылының тұрғыны Хамит Адасқанов.

Қазір облыстың 3 қаласы мен төрт ауданы дәріленіп жатыр. Оған бюджеттен 622 млн теңге бөлінген.

- Бүгінде ауданда химиялық жою жұмыстарын техникалармен жүргізіп жатырмыз. Алайда сала мамандарының қортындысына сәйкес, шікркейді түпкілікті жою мүмкін емес деп анықтама берді. Бірақ азайтуға тырысып, жұмыстар атқарылуда, - дейді Отырар аудандық түрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сәттар Нәлібай.

Мамандар 30 мың келіден астам биологиялық препаратты ауыл маңындағы суға шашып, зерттеу жұмыстарына кіріскен. Олар жақын арада зиянкестерді жоюдың жолын табуы тиіс.

Назерке Үкібасова, Елдар Жүнісқанов, "Алматы" телеарнасы, Түркістан облысынан.

Оқи отырыңыз: Қамысты кәдеге жаратуға болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир