|
21.06.2024 | 18:18
264

Қарғын су: Үкімет басшысы тасқыннан кейінгі аухалды айтты

33 мың 141 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы алған

Қарғын су: Үкімет басшысы тасқыннан кейінгі аухалды айтты Almaty.tv

Палаталардың бірлескен отырысында тасқын кезінде халықпен жүздескен депутаттар Үкімет басшысына апаттан кейінгі жағдай туралы сұрақ қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарғын су шайып кеткен үйлердің мәселесі туралы Премьер-министр Олжас Бектенов зардап шеккен тұрғындар жаңа баспанаға қоныстанатынын айтты. Су тасқынынан кейін үй құрылысы мен қалпына келтіру іс-шараларына 251 млрд теңге бағытталған. Үкімет басшысының сөзінше, зардап шеккен өңірлерді қолдау бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. 33 мың 141 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтемақы алған. Бұл тұрғыда бюджеттен 12 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.  

– Үйдің жартысына жуығы жөндеу мен қалпына келтіруді қажет етеді. Жөндеуге қатысты өтемақыны 5 823 отбасы алды. 8 мыңнан астам үй апатты деп танылды. Апатты болған үйлер бойынша шығынды өтеудің екі нұсқасы бар. Біріншіден, қайталама нарықта пәтер немесе жеке тұрғын үй сатып алу ескерілген. Бұл өз кезегінде жедел тәртіпте проблеманы шешіп, отбасыларға баспана беруге мүмкіндік жасайды. Алайда кейбір адамдар бұл ұсыныспен келіспей жатыр, яғни жаңа баспана салып беруді сұрады. Қазір 3 мың 155 отбасы баспанасын алып үлгерді. Тұрғын үй құрылысы мен қалпына келтіру іс-шараларына 251 млрд теңге бағытталды, – деді ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов экономиканың дамуына кедергі келтіруі мүмкін факторларды атады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир