|
27.06.2024 | 16:21
242

Сапалы өнім: жылжымалы мобилді заң қызметі алматылықтарға кеңес берді

Азаматтар да сұрақтарын қойып, пікір алмасты

Сапалы өнім: жылжымалы мобилді заң қызметі алматылықтарға кеңес берді

Алматыда ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сапалы өнім» жобасы жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жылжымалы мобилді заң қызметінің жұмысы бұл жолы «Тастақ» базарында ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындарына тұтынушылық құқығын қорғау бойынша заңгерлік кеңес берілді. Азаматтар да сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

– Тұтынушылардың  құқығын қорғау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, бағыт-бағдар алып, жұмыс істеудеміз. Қаланың барлық ауданындағы сауда орындарына барып, түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз, – деді«Сапалы өнім» жобасының жетекшісі Жаңыл Әпетова.  

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер аптап ыстық кімдерге қауіпті екенін айтты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир