|
24.04.2024 | 18:33
299

Алматыда зейнеткерлерді жұмыспен қамтитын жаңа жоба таныстырылды

Алатау ауданында ардагерлер кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Алматыда зейнеткерлерді жұмыспен қамтитын жаңа жоба таныстырылды Almaty.tv

Алматыда Алатау ауданы бойынша «ардагерлер кеңесі» президиумының кеңейтілген отырысы өтті. Жиында зейнеткерлерді жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған жаңа жоба таныстырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ардагерлердің қоғамдық-саяси өмірге қатысуының маңызды мәселелеріне де назар аударылды. Жеңістің 79 жылдығын мерекелеудің дайындық барысы сарапталды. Кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен отырыста ардагерлерді әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қаулы қабылданды. Оның негізінде зейнеткерлердің жағдайын жақсарту іс-шаралары ұйымдастырылмақ.

– Мемлекет зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істеуге көңіл бөліп жатыр.  Қазір 7 адам ән, шахмат, тоғызқұмалақтан сабақ беріп жатыр. Бірақ жұмыс берушінің берген жалақысының 50 пайызы ғана төленеді, – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Таубалды Сағатолла.

Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: Алатау ауданында велошеру өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир