|
22.05.2024 | 19:07
258

Терезе аша алмаймыз: тұрғындар қолаңса иіске тұншығып отыр

Әкімдік қызметкерлері кәріз желісінің қалпына келтірілгенін жеткізді

Терезе аша алмаймыз: тұрғындар қолаңса иіске тұншығып отыр Almaty.tv

Алматының Алатау ауданының тұрғындары бірнеше күннен бері кәрізден шыққан қолаңса иіске тұншығып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шапағат ықшамауданының тұрғындары «таза ауамен демалудан қалдық» деп күйінеді. Бірнеше жыл бұрын орталық кәріз желісіне қосылған тұрғындар лас су құдыққа жиналып, көпті әбігерге салғанын айтты.

– Сасық иіс күндіз де, түнде де кетпейді. Терезені  аша алмаймыз. Көшеге шығып отырудан, жүруден де қалдық. Не деген сұмдық? – деді Шапағат ықшамауданының тұрғыны Тұрсын Мұсаев.

Орталық кәріз желісіне ықшамауданның бір бөлігі ғана қосылған. Қалалық энергетика басқармасының мамандарының айтуынша, екінші кезеңі толық аяқталған жоқ. Ал қазір құдықтағы суды тоқтатып, екі бригада жұмыс істеп жатыр. Кәріз жүйесіне құрылыс заттары тұсіп, бұзылған.  

– Ақау бірінші рет болып тұр.  «Алматы су» коммуналдық мекемесімен бірге мердігер жұмысын атқарып жатыр. Кәріз құдығының қақпасы ұрланп, ашық қалады. Қатты қалдықтар, қоқыс түсіп, кәріз жүйесінің жұмысына кедергі келтіруді, – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының бас маманы Абай Топарбай.

Ал ақауды анықтап, дереу лас суды тоқтатқан әкімдік қызметкерлері кәріз желісінің қалпына келтірілгенін жеткізді. Ықшамауданды толық тексеріп, ашық қалған құдықтарға қақпақтар орнатамыз деп сендірді.

Бауыржан Жақсымбет, Халгелді Ахметханов, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Алматыда топырақ көшіп, өзен арнасын жартылай жауып тастады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир