Алматыда Наурыз мерекесіне орай 300 мыңнан астам тұрғын жалпықалалық серуенге шықты (ВИДЕО)

Мерекелік іс-шаралар Алматының жеті орнында өткен болатын
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Алматы халқы Наурыз мейрамын жаппай атап өтуде. 300 мыңнан астам адам мерекелік орындарға барып, жалпықалалық серуенге шықты.

Мерекелік іс-шаралар Алматының жеті орнында өткен болатын. Халыққа Наурыз көже, бауырсақ сынды ұлттық тағамдар таратылып, өнерпаздар мерекелік көңіл-күйді қалыпастырды.

Сондай-ақ, мыңдаған адамның қатысуымен Наурыз шеруі өтіп, Алматы көшелерін түрлі-түсті түске бояды. Шеруге Алматы қаласы мәдениет мекемелері, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, жоғары оқу орындары студенттері мен оқытушылары, саятшы - бүркітшілер мен таз ит баптаушылар, қала тұрғындары барлығы 2 мыңға жуық адам қатысты.

Новости партнеров