12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытты
Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгін жаңазеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті. Қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласымен тартысты жекпе-жек өткізді.
12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыз айқын басымдылық танытты. 1 раундта Андрей Михайловичті нокдаунға түсірді. Ал, 9 раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша Жәнібек қарсыласын Сиднейде сан соқтырып, чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Айта кетсек, бұл жекпе-жек шілде айында өтуі тиіс болатын. Ол уақытта Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде боксшы кейіннен твиттер парақшасында былай деп жазды:
«Қолдауларыңызға рақмет! Менде қазір барлығы дұрыс. Бірнеше апта салып араға қайта қосыламын. Бастысы мен орта салмақта өнер көрсете беремін. Менің бұл жақта бітпеген шаруаларым бар», - деп жазды Әлімханұлы.
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті. 25 жастағы Андрей Михайлович кәсіпқой рингте 21 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған 21-0, 13 KO. Қазірде Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.
Осылайша, отандасымыз орта салмақтың екі чемпиондық (WBO, IBF) титулын қорғады.
Оқи отырыңыз: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулынан айырыла ма
Спорта хватит на всех! Главный спонсор спортивных эмоций дарит всем новым пользователям до 200 000 тенге! Смотри любимые спортивные события и побеждай вместе со своими фаворитами! Подробная информация на сайте и приложении!