|
04.07.2024 | 20:48
324

Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті

Оқиға қаладағы Керемет саябағында екінші шілде күні болған

Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті elements.envato.com

Атырауда балалар аттракционнан құлап кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға қаладағы Керемет саябағында екінші шілде күні болған. Мәлім болғандай, әуелі әткеншектің шынжыры үзіліп, бес бала құлап түскен екен. Екеуінің саусақтары мен аяқтарына зақым келген, ал тағы үш жасөспірім шошынып қалыпты. Абырой болғанда, аса ауыр зардап шеккендер жоқ. Ал балалар жеңіл жарақатпен үйге қайтарылыпты.  

«Бізге 5 бала қаралды. Барлығы - 17 жастағы ер балалар. Мамандар қарап, алғашқы көмек көрсетті. Тиісті әдістемелік көмек жүргізілді. Оның төртеуінің дене жарақатының жеңілдігіне байланысты, амбулаториялық емге жіберілді. Ал біреуі, саусақ сынығы, алақан жырылғанына байланысты станционарлық емге жатқызылды», – деді облыстық балалар ауруханасының травматолог-дәрігері Ержан Есболаев.

Қазір аттракцион уақытша жұмысын тоқтатқан. Екі жылдан бері алғаш рет мұндай жағдай тіркеліп тұр, - деген саябақ басшысы техникалардың тексеріліп жатқанын хабарлады. Ал зардап шеккен балаларға барлық көмек көрсетіпті. Қазір полиция аталған іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Осы оқиғадан соң, қаладағы аттрационға тексеріс жүргізілмек.

«Техникаға байланысты ақау болған. Жарақат алған балаларға көмек көрсеттік. Ата-аналар тарапынан арыз шағым түспеді. Қазір аттракцион жабық тұр», – деді саябақ басшысының орынбасары Сабыр Нышанқұлов.

Оқи отырыңыз: Қонаев қаласында жаңа жағажай ашылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир