|
12.06.2024 | 12:12
1903

Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды

Қос елдің басшылары қазақ-кәріс бизнес-форумына қатысады

Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентін қарсы алды Аkorda.kz

Қазақстанға алғашқы ресми сапармен Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель келді. Оны Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Екі елдің басшысы алдымен қол алысып, Қазақстан мен Оңтүстік Корея министрлерімен амандасты. Содан кейін қос елдің мемлекеттік гимнін тыңдаған. Осыдан соң президенттер шағын құрамда келіссөз өткізу үшін залға кірген. Кейін мемлекет басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді. Сонымен бірге Оңтүстік Корея президентінің сапары аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Ал түстен кейін қос елдің басшылары қазақ-кәріс бизнес-форумына қатысады.

Оқи отырыңыз: Корея Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир