|
24.06.2024 | 09:02
1083

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

Президент жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды.

Оқи отырыңыз: Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мың адам қайтыс болды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир