Мемлекет басшысы Словения президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Словения басшысына және оның халқына бақ-береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Олжас Бектенов инфрақұрылымның жылыту маусымына дайындығын ерекше бақылауға алуды тапсырды

Новости партнеров