|
24.04.2024 | 10:21
1182

Анама көмек керек: Алматыда 5 жасар бала көршілерге SMS жазды

Үй тұрғындары төтенше жағдайға тез әрекет еткен бүлдіршінге сүйсінді

Анама көмек керек: Алматыда 5 жасар бала көршілерге SMS жазды

Алматыдағы Бостандық ауданында қайғылы оқиға орын ала жаздады. Сәті болғанда бес жасар бала өзін нашар сезінген анасы құтқарып қалды,  деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі  sn.kz-ке сілтеме жасап.

19 сәуірде сағат 9:55-те Ален анасы Гүлмирамен 13-қабаттағы пәтерінде болған. Кенеттен әйел есінен танып, еденге құлаған. Сол сәтте бала анасының телефонын ашып, көршілермен ортақ чатты тауып, дауыстық хабарламалар жіберген.

- Өтінемін, көмектесіңіздер, анам өлуі мүмкін. Дәрігерді шақырыңыздаршы, – дейді ол аудиожазбада.

Солнечный квартал" тұрғын үй кешенінің тұрғындарының бірі жедел жәрдемді шақырды.

- Анасы оған бірдеңе болып қалса, қалай көмек шақыру керек екенін үйреткен. Көршілердің телефон қоңырауына бірден жауап беріп, барлық қажетті ақпаратты анық жеткізді. Тұрғындар дереу жедел жәрдем шақырған. Бала үрейленбеді, ол есікті ашып, бәрімізді қарсы алды , – деді жергілікті ОСИ төрағасы Арман Әмірғалиев.

Дәрігерлер 10:22-де келді. Диспетчер мен көршілер де подъезде тұрған. Анаға алғашқы медициналық көмек көрсетіле бастады.

Дәрігерлер келгенде, Гүлмира көзін әрең ашты, есінен танып, сөйлей алмай қалды. Сол үшін оны ауруханаға апаруды ұйғарды. Осы кезде көршілер ересек қызына телефон соқты. Медициналық мекемеге ол анасымен бірге барды да, екінші қызы Аленмен қалды.

- Ол сондай тамаша бала. Анасы сауығып кеткенде, көршілер болып оған сыйлық алуды жоспарлап отырмыз. Ол бәрін дұрыс жасады. Елестетіп көріңізші, Ален, тіпті, дастархан жасап, бізге нан ауыз тигізгісі келді. Тоңазытқышты ашып, нан мен майды шығарып, бәріне шәй берді, – деп қосты ОСИ төрағасы.

Көршілері баланың төтенше жағдайға тез әрекет еткеніне сүйсінді.

Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз. Сондай-ақ оның қайда ауруханаға түскені туралы ақпарат жоқ.

Оқи отырыңыз: Мұндай оқиға бұрын соңды болмаған: дәрігер өз пәтерінде азаппен өлтірілді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир