|
04.05.2024 | 08:59
222

Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді

Филиппинде 6 балдық жер сілкінісі болды elements.envato.com

Жұма күні Филиппиннің орталығындағы Лейте провинциясында 6,0 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Филиппиннің сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 18:16-да жағалаудағы Дулаг қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 32 шақырымдай жерде болды. Гипоцентр 8 км тереңдікте болған.

Жерасты дүмпуі провинцияның басқа аймақтарында да сезілді.

Филиппин Тынық мұхитының «өрт сақинасы» бойында орналасқандықтан елде сейсмикалық белсенділік жоғары екені байқалады.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир