Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды

Баланың денесі бүгін сағат 10.00 шамасында Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың мүрдесі табылды, деп хабарлайды "Мой город".

Баланың денесі бүгін сағат 10.00 шамасында Әбубәкір Кердері көшесі бойындағы көпқабатты үйдің ауласынан табылған.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, шала туылған шақалақ өлі болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жүргізді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпараттың прокуратураның келісімен ертең берілетінін жеткізді.



Новости партнеров