|
Jol
26.06.2024 | 16:09
974

Алматыда Ходжанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

1,24 км жылу желісі ауыстырылады

Алматыда Ходжанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі elements.envato.com

Алматыда 1976 жылы пайдалануға берілген құбырды ауыстыруға байланысты Ходжанов көшесі бойында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

 Алматыда Ходжанов көшесінің бойындағы 1,24 км жылу желісі ауыстырылады

2024 жылдың 27 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Ходжанов көшесінің бойымен «Алмагүл» шағынауданының 15-ші үйінен Жароков көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады

1976 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көше бөлігінің жол бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру нысанын, 2 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС

Оқи отырыңыз:Алматы жазы: мегаполисте 6 мың ағаш кесіледі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир