|
Jol
28.06.2024 | 14:07
884

Алматыда Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне қарайғы бағыт жабылады

Алматыда  Байқадамов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі elements.envato.com

2024 жылдың 29 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Байқадамов көшесінің бойында - Гагарин даңғылынан бастап Жароков көшесіне дейінгі аралықта - көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гагарин даңғылынан Жароков көшесіне қарайғы шығыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады.

1984 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан, жалпы ұзындығы 1220 метр құбырдың аталған көше бөлігінің көлік жолы бөлігінің астынан өтетін жаңғырту учаскелерінің бірінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Бұл құбыржол 97 көппәтерлі тұрғын үйді, 12 жеке тұрғын үйді, 4 балабақшаны, 2 денсаулық сақтау нысанын және 27 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталары» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир