|
27.03.2024 | 12:08
463

Гауһар Әлімбекова үшін Республика сарайының есігі неге жабық (видео)

Мен тірі түрғанда жолатпаймын деді

Гауһар Әлімбекова үшін Республика сарайының есігі неге жабық (видео) instagram.com/gauhar_alimbekova_official

Хит әндердің авторы, әнші әрі композитор Гауһар Әлімбекова неліктен сахнадан көрінбей кеткенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, 10 жыл бойы Республика сарайында ән кешін өткізе алмаған. 

- Мен бұрыннан бір шығып, қайта жоқ болып кететін әншінің қатарынанмын. Жылына бір рет есеп беріп, ән кеш өткізсем, жеңілдеп, өзім рахаттанып қаламын. Біра, соңғы 10 жылдың ішінде Республика сарайында ән кешін өткізбедім. Бұл маған байланысты дүние болған жоқ. Егер әнімнің тыңдаушысы ретінде мені жақсы білетін болсаңыздар, менің де басымнан біраз жағдай өтті. Осыдан 10 жыл бұрын маған бір кісі «мен тірі тұрғанда сені Республика сарайынының маңына жолатпаймын» деп айтқан болатын. Сөйтіп, ол кісі сөзінде тұрды. Маған ән кешін бергізбеді. Концерт ұйымдастыруға кедергі болғанымен қоймай, маған басқа да мәселе тауып берді. Сөйтіп жүргенде өзімнің әнші, сазгер екенімді ұмытып та кеткен уақыт болды. Бірақ сонда да басыма қанша күн туса да серігім, жан-гитарамды ешқашан жанымнан тастаған емеспін. Жылап жүрсем де, ән шығарып жүрдім, - деді әнші.

Оқи отырыңыз: Төреғали Төреәлі Толқынға берген уәдесін 10 жылдан кейін орындады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир