|
26.04.2024 | 20:34
316

Шыңғыс Мәдібек Batyr Bolamyn қорының вице-президенті болды

Алты жыл ішінде қор ауылдарда 40-тан астам спорт орталығын ашты

Шыңғыс Мәдібек Batyr Bolamyn қорының вице-президенті болды stan.kz

Stan.kz ақпараттық агенттігінің даму жөніндегі директоры Шыңғыс Аятұлы Мәдібек “Batyr Bolamyn” қайырымдылық қорының вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Batyr Bolamyn" қорын 2018 жылы ағайынды Арман мен Асыл Уахап құрды. Қордың президенті – Ернұр Сәбікенұлы. Алты жыл ішінде қор еліміздің әртүрлі өңірлерінің ауылдарында 40-тан астам спорт орталығын ашты. Оның ішінде көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 5000-нан астам бала бокс, қазақша күрес, баскетбол, дзюдо, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және т. б. спорт секцияларына тегін қатысады.

Жобаның бас демеушісі және серіктесі 2022 жылы Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт саласындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған "Қазақстан халқына" қоры. Қор өзінің қызмет ету мерзімінде 70-ке жуық қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы болды. 

Атап айтқанда жобаларды жалпы сомасы 177 миллиард теңгеге іске асыру жүргізілуде. Сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде де зардап шеккен халыққа көмек көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, Қор ауылдық жерлерде үйлер салуға 10 миллиард теңге бөледі. Қордан және басқа да көздерден жиналған қаражат еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынынан зардап шеккен азаматтар үшін 500-ден астам үй салуға мүмкіндік береді.

Еліміздегі ірі қазақ тілінде ақпарат тарататын портал Stan.kz бұл әлеуметтік маңызы бар жобаның одан әрі дамуына қосымша серпін береді. Жыл соңына дейін Алматы, Жамбыл, Абай, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Ақмола, Қарағанды және басқа да облыстарда балалар мен жасөспірімдер үшін тағы 80 тегін спорт орталықтарын ашу жоспарлануда.

- Мен үшін мұндай игі іске қосылу үлкен мәртебе және жоғары сенім танытқандарыңызға алғыс білдіремін. Республикалық ақпараттық порталдар арасында Stan.kz қызметі Batyr Bolamyn қорының басты ақпараттық серіктесі болады. Елдімекендердегі мыңдаған баланың спорт инфрақұрылымына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған бірлескен күш-жігер арқылы біз спортты ауыл тұрғындары үшін қолжетімді етуге, белсенді өмір салтын ынталандыруға және жаңа, саналы жас ұрпақты тәрбиелеуге тырысамыз. Ауылдық жердегі әрбір тұрғынның белсенді өмір салтын ұстанып, тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық мүдделі қоғам өкілін, ірі кәсіп иелерін, мәдениет және спорт қайраткерлерін, мемлекеттік қызметкерлерді, кәсіпкерлер мен меценаттарды жобаны мүмкіндігінше қолдауға шақырамын. Жас ұрпақтың денсаулығы мен әл-ауқатына инвестиция салу – еліміздің болашағына салынған инвестиция, - деді Шыңғыс Мәдібек.

Шыңғыс Мәдібек бұған дейін қызмет барысында балалар мен жасөспірімдер арасындағы таланттар фестивалін, ғылыми-практикалық конференцияларды Қазақстанда, Қырғызстанда, Түркияда және Біріккен Араб Әмірліктерінде ұйымдастырумен айналысқан. Сонымен қатар Цифрлық экономиканы дамыту орталығы, Qazaq Kuresi қауымдастығы, Nur.kz ақпараттық порталы сияқты құрылымдардағы басшылық бөлімде жұмыс тәжірибесі бар.

Оқи отырыңыз: E+ Awards: халықаралық медиа нарығына үлес қосқан агенттіктер марапатталды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир