|
22.08.2020 | 14:15
3497

ДДСҰ: Адамзат коронавирусты 2022 жылдың соңына қарай еңсереді

ДДСҰ басшысы 1918 жылы басталған әлемдегі испан тұмауының эпидемиясы екі жылға созылғанын еске салды

ДДСҰ: Адамзат коронавирусты 2022 жылдың соңына қарай еңсереді РБК

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) басшысы коронавирусқа қарсы вакцина жасауға және инфекциямен күресте қолда бар құралдарды барынша пайдалануға үміт білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Адамзат коронавирустық инфекцияны 2022 жылдың соңына дейін жеңе алады. Бұл болжамды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус 21 тамызда Женевада өткен брифингте айтты.

«Егер ұлттық бірлік пен жаһандық ынтымақтастық болса, біз бұл пандемияға екі жылдан аз уақыт ішінде тоқтау қоямыз деп үміттенеміз», – деді ол.

ДДСҰ басшысы 1918 жылы басталған әлемдегі испан тұмауының эпидемиясы екі жылға созылғанын еске салды. 

 «Бірақ, жаһандану мен байланыстардың көп болуына орай вирустың таралу мүмкіндігі де жүз жыл бұрынғыға қарағанда жоғары. Сонымен бірге, бізде оны тоқтату үшін түрлі технология мен жеткілікті білім бар», – деді Гебрейюс. 

Ол коронавирусқа қарсы вакцина жасауға және инфекциямен күресте қолда бар құралдарды барынша пайдалануға үміт білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир