|
27.10.2023 | 15:00
3845

Алматыда Ақселеу Сейдімбектің құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Ескерткіш тақта ғалым, профессордың өзі тұрған үйіне ілінді

Алматыда Ақселеу Сейдімбектің құрметіне мемориалдық тақта ашылды Almaty.tv

Бүгін Алматыда қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, қолтаңбасын қалдырған Ақселеу Сейдімбектің құрметіне мемориалдық тақта ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Салтанатты іс-шараға қазақ әдебиетінің майталмандары, жазушының әріптестері мен көршілері жиналды. Ескерткіш тақта ғалым, профессордың өзі тұрған үйіне ілінді.

– Ақселеу Сейдімбек – қазақы болмыстың білгірі еді. Салт қайсы, дәстүр қайсы, тіпті қазақтың сөз саптауына дейін, бәрін айтып отыратын. Сонымен қатар өзі сондай өмір жолын ұстанды, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ақселеу Сейдімбек еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде тілші боп бастап, «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газетінде жұмыс істеді. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім институтының директоры, Қазақ білім академиясының президенті қызметін атқарған. Алайда дара тұлға жетпістің жотасына жеткенде демі үзіліп, мәңгілік мекеніне аттанды.

– Ақселеу Астанаға көшіп кеткен еді, өмірден өткен еді. Бүгін мына ақ жаңбыр құйып тұрған кезде Алматыға қайта оралғандай болды. Ақселеуді еске алып, сағынып жүруші едік. Бүгін сырласқан, пікір алысқан сәттер еске түсіп тұр, – деді журналист Жұмаш Арынбайұлы.

– Алматы қаласының әкімдігіне мың алғыс. Атамызды еске алып, еңбегін насихаттап, өзі тұрған үйіне мемориалдық тақта іліп жатыр. Атам ана тілді үйретіп, салт-дәстүр, тарихты оқытты, – деді А.Сейдімбектің немересі Тарлан Сейдімбек.

Оқи отырыңыз: Елордада музей қызметкерлерінің І конгресі ұйымдастырылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир