Елордада музей қызметкерлерінің І конгресі ұйымдастырылды

Сурет:  astana.citypass.kz
Сурет: astana.citypass.kz
Өзбекәлі тағылымы және музей ісі тақырыбында конференция өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада отандық музейшілердің басын қосқан алғашқы конгресс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.

 - Бүгінгі конгресс алғаш рет музей қызметкерлерінің басын қосып отыр. Конгресс аясында музей саласы, музей ісі бойынша бірқатар шара ұйымдастырып отырмыз. Соның бірі Өзбекәлі Жәнібековке арналған «Өзбекәлі тағылымы және музей ісі» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, - деді Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева.

Аталған іс-шараға елімізге танымал тұлғалар, отандық және шетел ғалымдары мен музей қызметкерлері қатысып жатыр.

 - Музей қызметкерлерінің конгресін ол кісінің атымен байланыстырып отырған себебіміз, Өзбекәлі Жәнібеков тарихымыздың, мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосқан. Елімізде музей ісі сол кісінің бастауымен дамыған. Сонымен қатар конгресс аясында реставраторларға арналған семинар өтеді, - дейді Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева.

Оқи отырыңыз: Жас кәсіпкерлерді қолдау: Алматыда медициналық стартаптар мен инновациялық жобалар көрмесі өтті

Новости партнеров